28.11.2020, 02:26
Жаңалықтар
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды
Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең», - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты