$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 01:45
Жаңалықтар

COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл аймаққа» өтті

Қазір қалада күн сайын коронавирус жұқтырған 70-ке жуық науқас тіркеліп отыр

COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл аймаққа» өтті
Фото: ашық дереккөзден

Елордада карантин шаралары өз нәтижесін беріп, қала коронавирустың таралу қаупі бойынша «сарыдан» «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл аймаққа» өткеніне үш күн болды. Алайда, бұл арқаны кеңге салып, еркінсуге себеп болмауы тиіс. Өйткені, «жасыл аймаққа» өту коронавирус жұқтырғандар санының азайғанын білдірмейді. Қалада әлі де тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Дегенмен, өткен демалыс күндері тіркелген жағдайлар аз болған еді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар ол елордада күн сайын коронавирус жұқтырған 70-ке жуық науқас тіркеліп отырғандығын айтты. Егер алдағы 2 апта ішінде ахуал тұрақты болса, онда карантин шараларын біртіндеп жеңілдету мәселесі көтерілуі мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары