ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

СҚО-да ұлттық табиғи парк филиалы директорына 23,4 млн теңге айыппұл салынды

Ол бірнеше рет пара алу, пара беру фактісі бойынша кінәлі деп танылған

Фото: Батыржан Беспаев

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аудандық сотының үкімімен «Көкшетау» ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің Арықбалық филиалының директоры Леонид Ларионов бірнеше рет пара алу, билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, лауазымды адамға заңсыз аң аулау және пара беру фактілері бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин мәлімдеді.

«Оған параның 35 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 23,4 млн теңгені құрайды», - деп атап өтті Баянғазин.

Осылайша, филиал директоры 3 жыл мерзімге аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отыра, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Департамент басшысының айтуынша, 2020 жылдың маусым айында филиал директоры ағаш дайындау құқығын бергені үшін ағаш дайындаушылардан бірнеше рет пара алған, сондай-ақ парк аумағынан қураған ағаштар мен сүректерді шығаруға рұқсат бергені үшін филиал орманшысынан пара алған.

«2020 жылдың шілдесінде өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, филиал қорықшысына тыйым салынғанына қарамастан, елік атуға әдейі заңсыз нұсқау берді. Бұдан кейін Л.Ю. Ларионов жоғарыда аталған ұшаны, сондай-ақ «Пелядь» балығы бар екі пакетті филиал аумағында орман айналымдары мен көктемгі орман отырғызуға бақылау ревизиясын жүргізу барысында жалпы қамқорлығы үшін СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысына пара ретінде берді. Күдікті өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді», - деп мәлімдеді Ернар Баянғазин.