$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 16:36
Жаңалықтар

Жасотандықтар Елбасының көшбасшылық жолын талқылады

Онлайн форматта өткен шараға 1000-нан астам жас қатысты

Жасотандықтар Елбасының көшбасшылық жолын талқылады

Қазақстанда 2011 жылдан бері 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Осыған орай «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірінде жасотандық белсенділер және жастар «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Аталған шара ZOOM платформасында онлайн форматта өтіп, бүкіл ел бойынша 1000-нан астам жастың басын біріктірді.

Жасотандықтар Елбасының дара жолы және еңбектерімен таныстыру, өмір жолынан үлгі ала отырып жастар бойында патриоттық сезімдерді оятуды мақсат тұтты.

Жастар әр аймақта Елбасы жүріп өткен жол мен қызмет аясы жөнінде әңгіме өрбіп, жүздесу  барысында құнды ақпараттармен бөлісіп, жастармен пікір алмасты.

«Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының жетекшісі Бағдәулет Жанділдаев жастардың қоғамдық-саяси көзқарасын және азамат ретінде ішкі мәдениеті қалыптасып келе жатқанын айтты.

«Елбасымыздың көреген саясаты барлық жастарға үлгі болып отыр. Себебі, оның бастамасын тек біздің еліміз емес, әлемдік аренадағы саясаткерлер мойындайды. Тәуелсіздік жылдары көптеген елдер бейбітшілік пен тұрақтылықтың мысалы ретінде біздің елді таныды. Егемендікке қол жеткізгелі жеткен жетістіктерміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Оның барлығын жастар арасында дәріптеп, көрсете білуіміз керек. Болашағымыздың кілті – жастарда. Сол себепті, олар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұсынан да хабардар болуы тиіс. Өз жерінің, елінің, халқының алғысына ие болған Елбасымызды біз де әрдайым қолдап, оның тұрақтылық пен бейбітшілік ұстанымының жалғасы болуымыз керек деп есептеймін», - деді ол.

Алматылық Өміржан Аяулым ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өз елінің азаматтары мен бүкіл әлем қоғамдастығын қазіргі заманғы ең табысты көшбасшылардың бірі ретінде мойындата алғанын және осы беделімен әлемдік саяси тарихқа мәңгі енетінін жеткізді.

«Біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, демократия мен прогресс жолындағы үдеріс Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», - деді жасотандық Аяулым.

Айта кетейік, елімізде алғашқы Президент сайлауы 1 желтоқсанда өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары