$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 13:50
Жаңалықтар

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалған

Өңір коронавирустың таралу екпіні бойынша «қызыл аймақта» тұр

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалған
Көкшетау қаласы, көрнекі фото

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыста коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын мәлім етті. Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалған. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

«Біздің облыстық санитарлық-эпидемиялық қызметте небәрі 12 адам істейді. Жаппай ауру деректері болған кезде, біз мәліметтерді өңдеп үлгере алмай жатамыз. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар бар. Жалпы статистикаға 100 науқас енбей қалды. Қазір бәрі дұрысталды», - деді облыс әкімі.

Облыс басшысының айтуынша, коронавирустың қайта өршуіне байланысты 7 қарашадан бастап Көкшетаудың айналасына санитарлық бекеттер қойылды. Ал 23 қарашадан карантин күшейтілді.

Серіктес жаңалықтары