$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 22:26
Жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

23 қарашада Қазақстанға 10 ұшақ келді

Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.

«Аталған халықаралық рейстермен Қазақстанға 940 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде 853-де ПТР-тест анықтамасы болған. Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған. Атап айтқанда ПТР-тест анықтамасы жоқ Нұр-Сұлтанға 41, Алматыаға 27, Ақтауға 20 жолаушы жеткен», - деп жазылған хабарламада.

Осы 86 азаматтың бәрінен коронавирус табылған жоқ. Алайда, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ол елден тестің оң нәтижесімен келгені анықталды. Нақтырақ айтқанда, тестілеудің қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем жетті.

Серіктес жаңалықтары