24.11.2020, 22:56
Жаңалықтар
Алматы қаласы Түріксіб ауданының тұрғындары бірнеше жыл сусыз отыр
Тұрғындар жер құдық қазып алған
Фото: zakon.kz
Алматы қаласы Түріксіб ауданының тұрғындары ауыз суға мұқтаж. Тұрғындардың айтуынша, 4-5 жыл бұрын әр үйге су құбыры тартылған. Бірақ, су әлі күнге берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Береке» тұрғын үй алабының тұрғындары амалы таусылып, өздері жер құдық қазып алған. Алайда ол, қыста қатып қалады, ал жазда ластанып кетеді екен.
«Қазір құбыр тарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Толық жұмыстарды аяқтамай, су бере алмаймыз. Келер жылдың жазына дейін су беріледі», - дейді Алматы қаласы Түріксіб аудандық коммуналдық- шаруашылық бөлімінің басшысы Айдос Бекетаев.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды