24.11.2020, 21:58
Жаңалықтар
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл өңірлерде қар, көктайғақ, тұман болады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болады.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман, көктайғақ болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді