Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды

Финалдық кезеңнің жеребесі 30 қараша күні тартылады

prosports.kz

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайтын 24 құраманың 17-сі анықталды. Олар – Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия, Хорватия, Австрия және Португалия деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

20 команда ЕУРО-2020 турниріне тікелей жолдама алса, 4 құрама Ұлттар лигасы арқылы өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 30 қараша күні тартылады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады. Дүбірлі дода Еуропаның Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Будапешт, Глазго, Бильбао және Амстердам сынды 12 қаласында өтеді.