$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2020, 21:39
Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министрлік бірқатар өңір тұрғындарына жолға шықпауға кеңес береді

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі ауа райы күрт өзгерген қазіргі жағдайда жүргізушілерді абай болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Ауа райы бұзылған қазіргідей жағдайда көлік жүргізушілері барынша сақ болуы керек. Қыс басталғанда тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басты себебі - жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы», - деп ескертеді министрлік өкілдері.

Қыс кезінде жүргізушілер жолда барынша сақ болып, дөңгелектерін уақтылы ауыстыруы керек. Сонымен қатар тәртіп сақшылары бірқатар өңір тұрғындарына жолға шықпауға және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды ескеруге кеңес береді.

«Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін», - деп жазылған хабарламада.

Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады.

Айта кету керек, биыл қараша айынан бастап елде 352 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 80 адам көз жұмған. 395 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары