Дәрігерлер COVID-19 вирусының ең қауіпті тасымалдаушыларын атады
Науқас сауыққаннан кейін де, вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында біраз уақытқа дейін қалады

Дәрігерлер COVID-19 вирусының ең қауіпті тасымалдаушыларын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Қауіпті инфекцияны тасымалдаушылар ішіндегі ең қауіпті топқа жататындар –коронавируспен ауырып, сауығып шыққан соң бетперде кимей жүретіндер. Себебі, науқас сауыққаннан кейін де, вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында біраз уақытқа дейін қалады. Осылайша, жазылған адамдар вирусты басқаларға таратуды белсенді түрде жалғастырады.
Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, профессор, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог Александр Карабиненко мәлімдеді.
«Емделіп шыққан соң маскасыз жүретін адамның бойындағы коронавирус өзгелерге тез жұққыш келеді», - дейді А. Карабиненко.
Дәрігер сондай-ақ, емделіп шыққан адамдардың індетті «еркін және еш кедергісіз» тарататынын атап өтті.