$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 17:13
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі бірінші орынбасарына саябақтағы қате жазуды түзетуді тапсырды

Саябақта ҰОС ардагерінің тегі қате көрсетілген

Атырау облысының әкімі бірінші орынбасарына саябақтағы қате жазуды түзетуді тапсырды
Zakon.kz

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновке Жеңіс саябағындағы қате жазуды түзетуді тапсырды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, аталған саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аты-жөні жазылған тақта бар. Жергілікті тұрғындардың бірі облыс әкімінің Telegram-каналына хат жазып, сол тақтада ардагерлердің бірінің тегі қате жазылғанын көрсеткен.

«Таяуда жергілікті тұрғын Жеңіс саябағында орнатылған ескерткіш тақталардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың аты-жөндеріндегі қателерді түзетуді ұсынды: Кеңес Одағының батыры Канцева деп көрсетілген, соны Канцев деп түзету қажет. Бірінші орынбасарым Серік Шапкеновке осы мәселемен айналысуды тапсырамын», - деді Н.Ноғаев.

Айта кетейік, 2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді. Атырау облысында осынау қанды майданға қатысқан 11 ардагер қалыпты.

Серіктес жаңалықтары