$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 00:42
Жаңалықтар

Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил 15 жылға сотталды

Сот отырысы кезінде жәбірленушінің анасы бастапқы айғақтарын өзгертіп жіберген

Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил 15 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Байқоңырда кәмелетке толмаған қызын зорлаған тұрғын 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

«2019 жылдың жаз мезгілінде болған қылмыс жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырған болатын. Тергеуді ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізген. Сот отырысы, дәлелдерді келтіру, куәгерлерді шақыру процестері бір жыл бойы жүргізілді», - деп жазылған хабарламада.

Күдіктінің оқиға орнында ұсталғанына қарамастан, сот отырысы кезінде жәбірленушінің анасы бастапқы айғақтарын өзгертіп, күйеуін жауапкершіліктен босатып алмақ болған. Алайда қылмыс жасалған кезде екеуі ажырасқан болатын. Баланың психикасына зақым келтірмеу үшін ол сот отырысына қатыстырылмады.

Серіктес жаңалықтары