11.11.2020, 00:17
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда «Сергек» камералары арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 43% азайды
Биыл тоғыз айда жалпы 334 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Фото: astana.gov.kz
Нұр-Сұлтанда 2017 жылдан бастап «Сергек» камералары жұмыс істейді.
Олар жүргізушілерді қадағалап қана қоймай, көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Мәселен, полиция департаментінің мәліметінше, биыл тоғыз айда жалпы 334 ЖКО тіркелген, 2019 жылы осы кезеңде көрсеткіш 469 болған. Цифрландыру басқармасының мәліметінше, жоба басталғаннан бері яғни 2017 жылдан бастап ЖКО саны 43% (448-ден 285-ке дейін) азайды, қаза болғандар 55%, жарақат алғандар 36% (482-ден 320-ға дейін) азайды», - деп жазылған ақпаратта.
Елордада жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті