11.11.2020, 01:25
Жаңалықтар
Tengri Bank басшылары қамауға алынды
Оларға банк шотындағы 8 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылды
Фото: ашық дереккөзден
Таяуда ғана қызметі тоқтаған «Tengri Bank-тің» бұрынғы басшылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Басқарма төрағасының экс-орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов қамауға алынды. Оларға банк шотындағы жалпы сомасы 8 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды.
Тергеу мәліметтеріне сай экс-банкирлер қаржыны қайтарымсыз несиелер арқылы қалтаға басып келген. Бұл ақпаратты Қаржы министрлігі де растады. Алайда толық мәлімет бермеді.
Еске салайық, «Tengri Bank» лицензиясынан қыркүйек айында айырылды. Қаржы ұйымы нормативтік ережелерді бұзып, жүйелік қателіктерге жол берген.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті