$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.11.2020, 16:09
Жаңалықтар

Алматыға 15 қарашадан бастап блок-бекеттер қойыла ма?

Әлеуметтік желілерде қараша айының ортасында Алматы қаласының жабылатыны туралы ақпарат тараған

Алматыға 15 қарашадан бастап блок-бекеттер қойыла ма?
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қарашадан бастап «Алматыда блок-бекеттер орнатылуы мүмкін» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады» деген ақпарат – жалған. Дегенмен қазақстандықтарды санитарлық ережелерді сақтауға, маска киюге және жиі қолды жиі жууға, антисептик қолдануға шақырамын. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Бәрі де әр азаматтың қолында. Егер біз бәріміз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Серіктес жаңалықтары