ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты
1 қарашада 13 бекет болған еді
ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Соңғы тәулікте облыста 250 адамнан коронавирус анықталды. Олардың біршамасы – шалғайдағы аудандар мен шаһар тұрғындары.
«1 қарашада 13 бекет болған еді. Олардың жетеуі Өскеменде, ал қалғандары өзге облыстармен және көршілес елдермен шекаралас аймақтарға қойылған. Енді бұл қатарға Риддер қаласы мен Алтай ауданындағы Серебрянск шаһары және жаңа Бұқтырма кенті қосылды. Өйткені аталған елдімекендерде вирус жұқтыру көрсеткіші күн санап артып келеді», - деп жазылған телеарна сайтында.
Жалпы бұл кеселмен күресуге облыста 3200-ден астам орын дайындалса, соның 674-інде науқастар жатыр. Оның 49-ы ауыр халде, төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.