$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 00:27
Жаңалықтар

9 қараша күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

9 қараша күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, Республиканың кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20, солтүстік және оңтүстік өңірлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Тұман түседі, көктайғақ, солтүстік және шығыста жаяу бұрқасын көтеріледі. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел екпіні - 23-28 м/с. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-25 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Серіктес жаңалықтары