$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 01:56
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көлік нөмірін ұрлап, оны қайтару үшін ақша талап еткендер ұсталды

Олар номерді қайтару үшін 25 мың теңге сұраған

Нұр-Сұлтанда көлік нөмірін ұрлап, оны қайтару үшін ақша талап еткендер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицияға көлігінің номері ұрланғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нөмірді ұрлап алушы көліктің алдыңғы әйнегінде номерді қайтару үшін 25 мың теңге ақша төлеуі керек екені жазылған хат қалдырған. Хатта ұрының Telegram аккаунты көрсетіліпті. Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көлік номерін ұрлаған екі бопсалаушыны анықтады. Олар Қарағанды облысының 33 және 35 жастағы тұрғындары болып шықты», - делінген хабарламада.

Олар кінәсін мойындады. Ұрланған көлік номері иесіне қайтарылды. Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша («бопсалау») қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары