ШұғылПавлодарда бір тәулікте 100-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізбейді - ИИДМ

Әлеуметтік желіде Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізе бастады деген хабарлама тарады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан басқа елдерге қару жеткізбейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбір интернет-сайт пен әлеуметтік желіде Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізе бастады деген хабарлама тарады. Бұл ақпарат - фейк. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметті жоққа шығарды.

«Қазақстан әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндетін орындайды және басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ. Мақалада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды және оның ешқандай негіздемесі жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 2-3 қарашада Silk Way West Airlines әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Баку арасында рейс жасамаған.