$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2020, 21:56
Жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

9 қараша күні бұл облыстарда көктайғақ болады

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында шаңды бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 23 метрге жетуі ықтимал.

Ақмола облысында 9 қарашада тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соққан жел кейде 23-28 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метр болады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соғады.

Серіктес жаңалықтары