08.11.2020, 01:28
Жаңалықтар
8 қарашада елордада Алаш тас жолының оң жақ жолағы жабылады
Сағат 12.00 бен 18.00 аралығында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Фото: astana.gov.kz
8 қарашада елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін, Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тас жолының(Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді