07.11.2020, 22:54
Жаңалықтар
Қостанай облысында жол апатынан 33 жастағы полицей қаза тапты
Оны көлік қағып кетті
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысы Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.
Тергеуші жұмыстан шығып, үйіне келе жатқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. 33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 17:11
Алматыда электросамокат мінген ер адам түнгі уақытта көліктермен жарысамын деп көз жұмды (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды