$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2020, 21:55
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік желіге экстремистік видео жүктеген тұрғынға айыппұл салынды

Ол 55 мың теңге төлеуі керек

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік желіге экстремистік видео жүктеген тұрғынға айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желідегі парақшасына тыйым салынған мазмұндағы дәрісті жариялаған елорда тұрғыны 55 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшасында діни мазмұндағы видео және аудио дәрісті орналастырған 37 жастағы әйелді анықтады. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сараптамасы бойынша дәрістер Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған лаңкестік мазмұндағы материалдар болып танылған», - деп жазылған хабарламада.

Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 453-бабы («Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін, және өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, кіргізу, тасымалдау, тарату») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары