$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2020, 01:28
Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті

823 адам зардап шекті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
Фото: dw.com

Түркияда жер сілкінісінен 35 адам қаза тауып, 823 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 243 адам ауруханаға жатқызылды. 8 адам ренимацияда жатыр. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Измир қаласына барды.

6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде ондаған тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасап, қазақстандықтар хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары