30.10.2020, 21:24
Оқиғалар
Түркияда жер сілкінісінен 4 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алды
Жер сілкінісі 15 секундқа созылған
Фото: ашық дереккөзден
Түркияда 6,6 балдық жер сілкінісі болып, 4 адам қаза тапты. Тағы 120 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген», - деп жазылған ақпаратта.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Измирдегі зілзала салдарынан зардап шеккен отандастарына алаңдаулы екенін жеткізді.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды