$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2020, 00:28
Жаңалықтар

Коронавирус мутацияға ұшырады: Еуропада жаңа вирус тарап жатыр

Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді

Коронавирус мутацияға ұшырады: Еуропада жаңа вирус тарап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус мутацияға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болды. Бұл осы көктемде және жазда бүкіл әлемді құрсап алған вирустан өзгеше. Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясымен жұқтырылғандардың бұқаралық іс-шараға қатысуыларынан басталды деп болжайды. Ғалым вирустың одан әрі тез таралу себебін Испанияда демалып жатқандардың қауіпсіздік шараларын сақтамауынан көреді.

Жаңа мутацияның жұқпалылығы және аурудың ағымы тұрғысынан қауіптілігі әлі белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.

Серіктес жаңалықтары