$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2020, 23:41
Жаңалықтар

Карантин: Нұр-Сұлтанда бір аптада 184 заң бұзушылық анықталды

1400-ден астам шағын және орта бизнес нысаны тексерілді

Карантин: Нұр-Сұлтанда бір аптада 184 заң бұзушылық анықталды
Фото: ашық дереккөзден

23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді. 1400-ден астам ШОБ тексеріліп, 184 заң бұзушылық анықталды. 54 айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда.

Сонымен, 30 және 31 қазанда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін Алматы ауданының мобильді тобы 34 нысанды тексерді.

«Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады», - деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.

Серіктес жаңалықтары