ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Атырауда емдеу мекемелеріне жедел жәрдем көліктері табыс етілді

Облысқа осы айдың басында 22 жаңа жедел жәрдем көлігі берілген

Атырауда емдеу мекемелеріне 12 «Уаз» маркалы жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Автокөліктерді салтанатты жағдайда табыстау рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облысқа осы айдың басында 22 су жаңа жедел жәрдем көлігі келді. Жыл соңына дейін тағы он сегізі әкелінеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет ауданына жылжымалы диагностикалық медициналық зертхана кешені берілді. Қазіргі кезде жеті ауданда да мобилді диагностикалық медициналық кешен бар.  

«Бүгін міне «Каспий құбыр консорциумы» да игі дәстүрді жалғастырды. 12 «Уаз» маркалы жедел жәрдем көлігін демеушілік жасап, алып беріп отыр. Компания өкілдеріне, өңіріміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қосып жатқан үлестері үшін ризашылығымды білдіремін», - деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.  

«Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин өз кезегінде компанияның әлеуметтік жобалары аясында жасалып жатқан жұмыстарына тоқталды.  

«Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның әлеуметтік бағдарламасы негізінде жыл сайын 3 миллион доллар қаражат бөлініп келеді. Бағдарлама негізінде балабақша, мектеп, ауруханалар, демалыс орындары, спорт алаңдары бой көтеруде. Пандемия жағдайында өңірдегі ахуалды тұрақты ұстап, індеттің алдын алу мақсатында облысқа жедел-жәрдем көлігін тапсырып отырмыз. Дәрігерлер жұмысы жедел жүруіне үлкен көмек болады деген сенімдеміз. Жыл аяғына дейін компьютерлік томография табыстуды жоспарлап отырмыз»,  – деді Қайыргелді Қабылдин.