ШұғылКоронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр – ДСМ

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

Елшілік қазақстандықтар хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өте шұғыл! Өте маңызды! 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 балдық (кей ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 балдық) қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларда сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтап жатыр», – деп жазды елші. 

Оның айтуынша, әзірге зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. 

«Көмек қажет болса, азаматтарымыз тікелей елшілікке +903124919100 нөміріне немесе маған хабарласа алады», – деп жазды Абзал Сапарбекұлы.