$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2020, 00:19
Жаңалықтар

Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

Қалада 9 айда сыбайлас жемқорлық жасаған 49 адам әшкереленді

Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Биыл 9 айда Шымкентте сыбайлас жемқорлық жасаған 49 адам анықталып, 36 адам сотталды. Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері әлі де тіркеліп жатыр. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мәселен, департамент №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деген күдікке ілінді», - деді ол. 

Сондай-ақ, парақорлық фактілері бойынше 10 тәртіп сақшысы қылмыстық жауапқа тартылған. Сонымен қатар Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары