ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Нұр Сұлтанда 12-қабаттан құлаған ер адам көз жұмды

Ол ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері болған

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 44 жастағы ер адам көп қабатты үйдің 12-қабатынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 14 қараша күні кешке Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйдің балконынан подъезд қалқаншасына ер адамның құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз өкілі София Колышбекова.

Деректер бойынша, марқұм ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері болған. Оның артында үш баласы қалды.

«Ол шекара қызметінде шамамен 20 жылдай жұмыс істеді, әскери дәрігер болды, подполковник шеніне дейін көтерілді. Жұмыста тек жақсы жағынан көрінген. Оқиғаның себептерін білмейміз, ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Тегтер: