ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жыл соңына дейін 40 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады

Бүгінгі таңда елордалық әкімдік 179 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 56-электрондық үкімет порталы арқылы толық автоматтандырылған

Фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда елордалық әкімдік 179 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 56-сы электрондық үкімет порталы арқылы толық автоматтандырылған. Жыл соңына дейін тағы 40 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«2 жыл ішінде үдерістерді оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жойды және басқаруды цифрландыру жағына белсенді түрде жылжып келеміз. Бүгінгі таңда елорда әкімдігі 179 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 56-ы egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылды, сондай-ақ 57 ішінара egov.kz портал арқылы қолжетімді және ХҚО арқылы қайталанады», – дейді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин

Оның айтуынша осы жылдың басынан бері елорда әкімдігі 3,5 млн электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың көрсеткіштерінен 5 есе жоғары.

«Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және келесі жылдың соңына дейін тағы 40 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз әкімдіктің ашықтығы бойынша жұмыс істейміз. Біз аудандық әкімдіктерде ашылған Open akimat тәсілін енгізе бастадық және коммуналдық қызметтер ұсыну бойынша iQala орталықтары мен әлеуметтік сипаттағы қызметтерді ұсыну бойынша «Жанұя» орталығы ашылды», – дейді әкім орынбасары. 

Тегтер: