ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұртөре Жүсіп Қазақстан Медиа альянсының төрағасы болды

Бұған дейін басқарма төрағасы қызметін Арманжан Байтасов атқарған еді

Фото: ашық дереккөзден

Нұртөре Жүсіп Қазақстан Медиа альянсының Басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі альянстың сайтына сілтеме жасап.

Кеше «Қазақстан Медиа альянсы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылар жиналысында Басқарма төрағасы ауысты. Бұрынғы жетекші Арманжан Байтасов бұл қызметті үш жыл атқарды.

«Жаңа жетекшінің кандидатурасын ҚМА бірінші съезінде-ақ талқылаған болатынбыз, жаңа төраға – Нұртөре Жүсіп», – деді А.Байтасов.

Жиналысқа қатысқан құрылтайшылар Арманжан Байтасовтың бастамасымен дауыс беруге қатысты. Қалыс қалған Михаил Дорофеевтен басқасы ҚМА жаңа Басқарма төрағасының кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Айта кету керек, Нұртөре Жүсіп қазіргі кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты.