$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 23:30
Жаңалықтар

«Хан Шатыр» сауда орталығында карантин тәртібін бұзу фактілері анықталды

Мониторинг топтары ірі сауда орталықтарын тексерді

«Хан Шатыр» сауда орталығында карантин тәртібін бұзу фактілері анықталды
Фото: astana.gov.kz

Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

28 қазанда мобильді топ мүшелері үш сауда ойын-сауық орталығын - «Азия Парк» СОО, «Хан Шатыр» СОО, Mega SilkWay СОО және Мәңгілік Ел даңғылы, 17 үйде орналасқан Korkem Centre сауда үйін тексерді.

«Хан Шатыр» СОО-да бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Sterling Silver бижутерия дүкені мен Tudors Ерлер киімі дүкенінде сатушы-кеңесшілер маска тағу режимін бұзды. Басқа СҮ және фитнес-орталықтарда ескертулер болған жоқ», – деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігі.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда карантин басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 166 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары