$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 22:17
Жаңалықтар

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

29 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстіктен-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Серіктес жаңалықтары