25.10.2020, 14:29
Жаңалықтар
ҰБТ-дан ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі
Сыйлықты 139 және 138 балл жинаған 5 бала алады
Фото: facebook.com
2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Достар, ҰБТ 2020 қорытындысы бойынша 140 балл жинаған балаларға ноутбук сыйға береміз деп уәде еткеніміз есіңізде болар! Өкінішке қарай, біз ондай нәтижеге жете алмадық, бірақ лайықты балаларға осындай пайдалы сыйлықты тарту рахатын жіберіп алғымыз келмеді», - деп жазды Дидар Смағұлов.
Оның айтуынша, ҰТО ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен 139 және 138 балл жинаған 5 балаға ноутбук сыйға беріледі.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады