СҚО-да 18 адам тұратын ауыл мектебі 1 теңгеге сатылуы мүмкін
Облыста соңғы он жылда 130-ға жуық мектеп жабылған
Солтүстік Қазақстан облысында қараусыз, бос қалған мектептер аукционға шығарылып, сатылымға қойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Петрлпавловск.news сайтына сілтеме жасап.
СҚО Жамбыл ауданы Үлгі ауылындағы мектеп 3,7 млн теңгеге бағаланған. Аукционның шарты бойынша мектептің ең төменгі бағасы – 1 теңге.
«Үлгі ауылында мектепке баратын бала жоқ. Бұл ауылда қазіргі кезде 18 адам тұрады. Осыдан 10 жыл бұрын мұнда 235 адам тұрған. Аукцион 10 қарашаға белгіленген. Құжат бойынша мектеп 1972 жылы салынған, аумағы 471 шаршы метрді құрайды», - деп жазады басылым.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, соңғы он жылда Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің жалпы саны 127-ге азайған. Жалпы алғанда, соңғы 20 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 302 мектеп жабылды.