25.10.2020, 13:21
Жаңалықтар
COVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
15 адам аса ауыр халде жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы, науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады