$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2020, 12:28
Жаңалықтар

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды

25 қазан күні Қазақстанға ұшып келген 255 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасап.

С.Байғабыловтың айтуынша, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келген. Барлығы 1483 жолаушының 255-інде ПТР-тест анықтамасы болған жоқ.

11 авиарейс орындалды:

- төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ;

- алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ;

- біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

«Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді: Шымкент – 2, Нұр-Сұлтан – 4, Алматы – 28», - деді С.Байғабылов.

Серіктес жаңалықтары