25.10.2020, 11:24
Жаңалықтар
«Жаңа рекорд»: әлемде бір тәулікте 465 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды
Әлем бойынша 1,1 миллионнан астам адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді. Бір тәулікте 465 322 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Бұған дейінгі рекорд 23 қазанда тіркелген. Ол күні 445 419 жаңа жағдай анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлемде 42,05 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 1,1 миллионнан астамы қайтыс болды», - деп жазылған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 42 миллионнан асқанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді