$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2020, 10:14
Жаңалықтар

Путин Таулы Қарабақта қаза тапқандардың санын атады

Ресей президенті екі мемлекет басшысын бір ымыраға келуге шақырды

Путин Таулы Қарабақта қаза тапқандардың санын атады
Фото ашық дереккөзден

Қарабақтағы қақтығыстың жаңа кезеңі басталғалы бері екі жақтан қаза тапқандар саны 5 000 адамға жетті. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» пікірталас клубында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Екі жақтың да шығыны көп. Біздің мәліметіміз бойынша, екі жақта да екі мыңнан астам адам қаза тапқан. Өлім-жітімнің жалпы саны бес мыңға жуық», - деді Путин.

Оның пікірінше, екі ел арасындағы қақтығыстың артында тек жер дауы емес, этникалық даудың да бары жасырын емес. Ал жағдайды шешу үшін тараптар ең алдымен атысты тоқтатып, үстел басына отыруы керек.

«Әзірбайжан аумағының едәуір бөлігі жоғалды, бұл жағдай созыла бермеуі тиіс», - деп қосты ол.

Ресей президенті екі тараппен де байланыста екенін, жағдайды реттеу үшін күш салып жатқанын айтты.

«Мен бір ымыраға келуді қалаймын. Президент Әлиевпен және премьер-министр Пашинянмен өте тығыз байланыстамын. Күніне бірнеше рет телефонмен сөйлесемін», - деді Владимир Путин.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды. Армения мен Әзірбайжан бірін-бірі соғыс қимылдарын бастады деп айыптайды.

Серіктес жаңалықтары