Ел ауруханаларында 211 бала коронавирустан емделіп жатыр
Өткен тәулікте 186 адам вирус жұұқтырып, біреуі қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан емделіп жатқандар саны 2782 адамға жетті. Олардың қатарында 211 бала бар, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Стационарларда 2 205 науқас жатыр. 577 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы, науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген аталған хабарламада.
Өткен тәулікте 186 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, тағы 1 науқас қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 27 адам жазылып шыққан.
Осылайша, еліміздегі коронавирус жұқтырған бүкіл науқас саны – 36 567, өлім жағдайлары – 391, барлығы 28 390 адам сауығып шықты.