ДДСҰ: Коронавирус әсерінен өлім-жітім көрсеткіші артуы ықтимал

Пандемия басталғалы бері әлемде бір миллионнан астам науқас көз жұмған 

ДДСҰ: Коронавирус әсерінен өлім-жітім көрсеткіші артуы ықтимал
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны көбейіп жатқандықтан, әлемде бірнеше аптадан кейін өлім-жітім көрсеткіші артуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Газета.ру-ға сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан Twitter парақшасында өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

«Егер біз қазір ауру көрсеткішінің өсіп жатқанын көріп отырсақ, шамамен екі аптадан соң өлім санының артуын тіркеуіміз әбден мүмкін», - деді ол.

Дегенмен ғалым бүгінгі күні коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында өлім деңгейі төмендегенін атап өтті. 

ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан қазір тіркеліп жатқан сырқаттың формасы екінші толқынның басталмағанын көрсетіп отырғанын айтты. 

Пандемия басталғалы бері әлемде 37 млн адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бір миллионнан астам науқас көз жұмған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.