15.10.2020, 09:48
Жаңалықтар
Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды
Ол жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды
Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин ел әскерін соғысқа дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Си Цзиньпин Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскери корпусының жұмысын тексеріп, «жоғары дайындықты ұстануын» талап етті. Жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды.
Сонымен қатар ол алдағы бесжылдықта әскерді күшейту мәселесі қолға алынатынын мәлімдеді.
«Біз қазіргі жағдайды ескере отырып, болашаққа деген көзқарасты қалыптастыруымыз керек. Барлығын тыңғылықты зерттеп, қарама-қайшылықтарды шешіп, шынайы қажеттіліктерді өтеуіміз тиіс. Сонымен қатар теңіз жаяу әскерін күшейту қажет» - деді Си Цзиньпин.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы