13.10.2020, 02:55
Жаңалықтар
Қостанайда облыстық тубдиспансер басшысы парамен ұсталды
Ол 236 мың теңге пара алған
Фото: ашық дереккөзден
Қостанайда облыстық тубдиспансер басшысы бухгалтері арқылы кәсіпкерден 236 мың теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Сот үкіміне сәйкес пара берген кәсіпкер 4 млн 720 мың теңге, ал оны алған бас дәрігер 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ал, ортадағы есепші 2 млн 360 мың теңгелік айыппұлмен құтылды. Дегенмен, тубдиспансер басшысы айыбын мойындамай отыр.
«Сотта бас дәрігердің ұсынысымен бас есепші және ЖШС өкілі тендерде медициналық бұйымдарды және қорғау құралдарын сатып алуға көмектесуге 236 мың теңге пара беру үшін келіскендері анықталды», - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Еділова.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 15:38
Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, мойнына пышақ тақап қорқытқан
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
22.08.2026, 00:16
Атырау әуежайында никаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды