13.10.2020, 03:23
Жаңалықтар
13 қазан күнгі ауа райы болжамы
Сейсенбі күні екі облыста үсік жүреді
Фото: ашық дереккөзден
13 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)