Құс тұмауы: СҚО-да өтемақы төлене бастады
Алғашқы 15 адамның есепшотына 65 млн теңгеге жуық қаржы түседі
Солтүстік Қазақстан облысында өлген құстардың өтемақысы төлене бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Алғашқы 15 адамның есепшотына 65 млн теңгеге жуық қаржы түседі. Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ мамандарының айтуынша, шығынға батқан өзге тұрғындар құжаттарын жинап тапсыруы тиіс. Ветеринария басқармасы берген соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірде жұқпалы аурудан 200 мыңнан аса құс қырылып, 41 елді мекенде карантин жарияланды. Өткен аптада аурудың ошағы тағы 4 ауылдан шығып, құстарды жою жұмыстары жүріп жатыр.
«Заңға сәйкес 10 күннің ішінде төлемақы төленуі керек. Екінші партиясы 107 адамға қазір комиссия қарап жатыр», - деді Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың облыстық филиалының басшысы Нұржан Шәріпов.