$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 18:09
Жаңалықтар

Елбасы 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Елбасы 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды
Фото: elbasy.kz

Elbasy.kz сайтында хабарланғандай, кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланды. Партия төрағасының бірінші орынбасарының мәліметі бойынша, дауыс беруге партия мүшелерінің 84,2 пайызы қатысты, оның 88 пайызы онлайн режимде берген. Тіркелген 10 073 кандидаттың 36 пайыздан астамы әйелдер, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болған. Партиялық ішкі іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан аса ұсыныс жиналған, соның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым мен көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бар.

Нұрсұлтан Назарбаев праймериз сабақтастықты сақтай отырып, партия қатарын жаңартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік лифтке айналды деген пікір білдірді.

«Бұл – көп адамды қамтыған ауқымды партиялық шара болды. Біз оны бірінші рет өткіздік. Партия бақылауына алуы үшін көптеген ұсыныс-тілектер, мәселелер айтылды. «Nur Otan» – нақты істің партиясы. Бәрі міндетті түрде орындалуы керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына тоқталды.

«Саяси кеңестің бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Қиын жағдайды ескере отырып, бағдарламада біздің мақсатымыз бен ауқымды міндеттеріміз көрсетілген. Барлық партия мүшесі осы бойынша жұмыс істейді, себебі, түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Сайлау алдындағы уәделер есепке алынуы керек», - деді партия төрағасы.

Кездесу барысында Елбасы партияға Birgemiz қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

«Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен осы үшін бәріне алғыс айтамын. Алда атқарылуы тиіс нақты істер бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды», - деп қорытындылады Елбасы.

Серіктес жаңалықтары