$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 18:43
Жаңалықтар

Туристердің белсенді демалысқа қызығушылықтары артқан

Оның ішінде тауға шығу, джиппен сафариді аралау, тау арасындағы өзенде жүзу сынды экстремалды демалыс түрлеріне сұраныс артқан

Туристердің белсенді демалысқа қызығушылықтары артқан
Фото: ашық дереккөзден

Пандемия кезінде дүниежүзі бойынша туризм саласы үлкен соққыға тап болды. Дегенмен, еліміздегі ресурс саны жетерлік. Сол себепті биыл қазақстандықтар отандық туризмнің жаңа жерлерімен танысты. Бұл туралы Алматы облысының туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір демалушылар жағажайдағы қалыпты демалыстан гөрі белсенді демалысқа бет бұрған. Әсіресе, саяхаттау форматын таңдайтындар көп. Оның ішінде тауға шығу, джиппен сафариді аралау, тау арасындағы өзенде жүзу сынды экстремалды демалыс түрлеріне сұраныс көп.

«Қазақстан мұндай демалыс түрлерін дамытуға толықтай дайын. Бізде инфрақұрылым жүйесі де жолға қойылған. Бизнес өкілдері де істі қолға алуға ниетті. Үкімет те туризм саласын дамытуға үлкен күш жұмсап отыр. Президенттің жолдауында да экологиялық туризм мәселесі айтылды. Экологиялық туризм мен белсенді демалыс бір ұғымға саяды» - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Үкіметтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы» аясында еліміздегі 11 сала жыл соңына дейін өзгерістер тізімін жариялауы тиіс. Осы орайда «Kazakh Alpine Club» бірлестігі тау инфрақұрылымын дамыту, экологиялық  тәсілдерді енгізу сынды мәселелерді шешпек. 

«Қазақстандағы альпинизм туризмін шет елдерге насихаттау үшін халықаралық турзим клубтарымен бірлесіп жұмыс істеу жоспарланған. Әлем бойынша альпинистік туристер саны 10-12 млн адамды құраса, оларды Қазақстан міндетті түрде қызықтыратыны сөзсіз. Сондай-ақ еліміз бұл бағытта бәсекелестікке мықтап төтеп бере алатынына сенім мол», - деді «Жібек Жолы» ЖШС директоры.

Сонымен қатар, «Kazakh Alpine Club» экологиялық мәдениетті дамытуға, таулы аймақтардағы демалыс орындарын жаңғыртуға және қорғауға бағытталған міндеттерді жүзеге асырып, туристердің қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз етпек.

Серіктес жаңалықтары